Т: Өмірде өтпелі,
Аймысың көктегі.
Жерде болсаң саған қалай,
Қолым жетпеді?!
М: Кінәлап тек мені,
Болмашы өкпелі.
Сенің маған қолың емес,
Жасың жетпеді!
Қайырмасы:
Т: Алтыным, алайда
Куәміз талайға.
Маxаббат сезім жасқа қарай ма?!
М: Сен үшін солай ма?
Мен үшін оңай ма?
Ойнама маxаббатпен,
Абайла!
Т: Сезімім гүл шығар,
Айтпасам тұншығар.
Ең болмаса армандауға,
Болатын шығар!
М: Сезім де ұлы күш,
Табиғи құбылыс,
Бірақ, арман — өзіңе шақ,
болғаны дұрыс!
Т: Алтыным алайда
Жоқ деме жарайма?
Бетіңнен бір сүйемін қалай да
Өмірде өтпелі
Жұлдызсың көктегі